ЖАҢА БАСТАМА – ЖАҢА КӨШБАСШЫ!
13 қазан Орал Политехникалық колледжі үшін маңызды күн! Біздің оқу ордамыздың базасында «БҚО Жастар рухы» ұйымының жаңа бөлімшесі ашылды!
Бұл – жастардың белсенділігін арттырып, азаматтық бастамаларын қолдайтын, түрлі әлеуметтік және мәдени жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін үлкен алаң.
Ұйымның төрағасы болып колледжіміздің 2 курс студенті, белсенді жас, көшбасшы Төлен Игілік тағайындалып, «Жастар рухы» төсбелгісімен марапатталды!
Игіліктің бойындағы қайрат, жаңашылдық пен жігер – жастарды ортақ мақсатқа жұмылдыра алатын үлкен күш!
“Бұл – үлкен жауапкершілік әрі зор мүмкіндік. Жастардың үнін естіртіп, идеяларын жүзеге асыруға бірге атсалысамыз!” – дейді жаңа төраға.
Біз Игілікті шын жүректен құттықтап, қызметіне сәттілік тілейміз!
Алдағы уақытта «Жастар рухы» ұйымының аясында талай игі істердің куәсі болатынымызға сенімдіміз!
Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.175): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/p.testim.kz/14.p.testim.kz/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46