Новости
Аталған байқауға қатысқан мектебіміздің 8-сынып оқушысы Бердібек Ақылбек «Баламалы энергия» секциясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Талантты шәкіртіміз Ақылбекті кезекті жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жетекшісі – физика пәнінің мұғалімі Сүлейменова Базар.
«Жүрегімнің түбіне терең бойла...» деп хакім Абай айтқандай, ақын мұрасын терең зерттеп, білім бәйгесінде оқ бойы озық шығу – үлкен мәртебе.
Мектебіміздің мақтанышы Нұршаттықты кезекті ірі жеңісімен құттықтаймыз


Жетекшісі : қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Адаева Мереке.
Республикалық «ProEco» байқауының күміс жүлдегері
30 сәуір күні Астана қаласында өткен 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар конкурсында Күйкен жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы Бердібек Ақылбек «Туған өлке табиғаты» секциясы бойынша күміс жүлдегер атанды.
Туған жер табиғатын зерттеп, қоршаған ортаға жанашырлық танытқан шәкіртіміздің бұл жетістігі – білім мен ізденістің жемісі.




