«Кел, танысайық!» – Жаңа студенттермен жаңа таныстық!
Бүгін оқу ордамызда ерекше қуанышты, әсерлі күндердің бірі өтті! Биылғы оқу жылына жаңадан қабылданған 1 курс студенттерін қарсы алып, олардың өнерге деген қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін анықтау мақсатында дәстүрлі «Кел, танысайық!» атты танысу кеші ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – білім ордасына енді қадам басқан жас буынмен жақынырақ танысу, олардың бойындағы өнерге деген сүйіспеншілікті, шығармашылық әлеуетті байқау, әрі ортақ ортада достық қарым-қатынас орнату.
Шара барысында:
• Бірінші курс студенттері ән айтып, ақындық қабілеттерін көрсетті;
• Кейбірі домбыра, гитара секілді аспаптарда өнер көрсетіп, аспапта еркін ойнау қабілеттерін білдірді;
• Әр топ өзін ерекше таныстырып, ұйымдастырушылық қабілеттерін де көрсете білді.
Бұл кеш – тек танысу ғана емес, көпшілік алдында сөйлеуге, өз-өзін еркін ұстауға, топпен жұмыс істеуге, шығармашылық ойлау мен өзіндік пікір айтуға алғашқы қадам болды.Жаңа студенттерімізге білім жолында толағай табыс, өнер жолында шабыт тілейміз!
Біз сендермен мақтанамыз, болашақ жұлдыздар!