«Кәсіп – менің тағдырым» деген сөздің терең мәні бар. Әр адам өмірінде бір рет болса да өз жолын, өз кәсібін табуға талпынады. Мен сол жолымды таптым деп сеніммен айта аламын.
Мен — №11 топтың студенті, Уали Ардақ Арманұлы, дәнекерлеу ісін таңдадым. Себебі бұл мамандық – қол еңбегіне негізделген, нақты нәтиже беретін, өте жауапты сала. Құрылыс, өндіріс, көлік – бәрі де дәнекерлеушінің еңбегіне тәуелді. Қолға құрал алып, от пен темірдің арасында жүріп еңбек ету – нағыз төзімділік пен шеберлікті талап етеді. Мен өз ісімді мақтан етемін.
Себебі жақсы дәнекерлеуші – мықты қоғам құрылымының негізін қалайды.Өзім таңдаған жол туралы мен батыл түрде айта аламын: «Кәсіп – менің тағдырым» — деді №11 топ студенті, Уали Ардақ Арманұлы.