2025 жылдың 24 қыркүйек күні сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында TED-x форматында «Өмірде жолы болған адаммен кездесу» тақырыбында бизнес - тренер Бекболатов Азат Сейсеновичпен кездесу ұйымдастырылды. Шара өз мәресіне жоғары деңгейде жетіп, түрлі форматта мотивациялық тақырыптар қозғалды.