2-қазан Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күніне орай «Білім алмасу» шеберлік сабағы – болашақ тәлімгерлер мен өзгелерге білім бере алатын мамандарды даярлауға бағытталған ерекше жоба. Осы жоба аясында «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша білім алып жүрген 3-курс, №2 топ студенті Марат Дархан Саматұлы колледжіміздің инженер-педагогтеріне «Пісіру доғасының жану әдістері» арнап шеберлік сабағын өткізді. Марат Дархан сабақ барысында доғалық пісіру үдерісінің теориялық негіздерін түсіндіріп, әртүрлі жану әдістерінің ерекшеліктеріне тоқталды. Сонымен қатар, ол практикалық тәжірибемен ұштастыра отырып, нақты мысалдар арқылы күрделі процестерді түсінікті етіп жеткізді. Шеберлік сабағына қатысқан педагогтер студенттің кәсіби біліктілігіне, материалды жеткізу қабілетіне және өз мамандығына деген қызығушылығына жоғары баға берді. Бұл шара болашақ мамандардың білімін шыңдауға және оқытушылар қауымымен тығыз байланыс орнатуға ықпал етті.
Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.175): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/p.testim.kz/14.p.testim.kz/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46